присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Әсел Жанасова "Қазпошта" басшысы болды

03 қазан 2022 10:30
Әсел Жанасова

"Қазпошта" АҚ басқарма төрайымы болып бұған дейін сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарған Әсел Жанасова тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының Telegram-арнасы жариялады.

Тағайындау туралы шешімді "Самұрық-Қазына" қорының басқармасы қабылдағаны хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін Әсел Жанасова сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. Кембридж университетін бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы ENRC Kazakhstan өндірісті автоматтандыру және байланыс департаментінің ақпараттық технологиялар жөніндегі маманы болып бастаған.

2016-2017 жылдары - "Зерде" ҰБХ" АҚ басқарма төрайымы.

2018-2020 жылдары - "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі болды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру