присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ҰҚК Алматы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

07 қазан 2022 14:15
ҰҚК Алматы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Талғат Мұқанов сот шешімімен екі айға қамауға алынды.

Мұқановқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі Антикор мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы тергеп жатыр.

2022 жылғы 5 қазанда Талғат Мұқанов сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынды, - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру