Жамбыл облысында «Имамдар үйі» ашылды
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына іс-сапары барысында Қордай ауданында бой көтерген «Имамдар үйінің» ашылуына қатысты.
«Жыл басында осы өңірге арнайы келдім. Осы аралықта көптеген жұмыстар атқарылды. Міне, соның нәтижесі. Аллаға шүкір, бүгін қуанышты күн. Бұл орталықта имамдар дәріс алумен қатар, мемлекеттік тілді меңгереді. Оңалту бөлімі де бар. Жаңа нысан елдің игілігіне, бірлігіне қызмет ете берсін», - деді Бас мүфти.
«Имамдар үйінде» оңалту және алдын алу, бейбітшілік және келісім орталықтары орналасқан. Мұндағы оңалту орталығында діни алауыздықты болдырмау және жат ағымның жетегіне ермеуге сеп болатын жұмыстар жүргізілмек. Сонымен қатар, жергілікті дүнген имамдарына қазақ тілін үйренуге мүмкіндік жасалған. Дәріс сыныптарынан бөлек 40 адамға арналған жатын орны мен мәжіліс залы да бар.
Осылайша өңірде бұрын соңды болмаған «Имамдар үйі» енді тұрғындарды имандылыққа үндеп, түрлі түйткілдердің түйінін тарқататын орталыққа айналмақ.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ