ҚР Президенті: «Қауіпсіздік мәселелері бойынша қатер артып барады»
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция форматында өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, - деп қабарлайды Taunews.kz.
Қазақстан Президенті соңғы 20 жылда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үлкен жолдан өткенін атап өтті.
«ШЫҰ – ең табысты халықаралық ұйымдардың біріне айналды. Бұл ұйым жер жаһанның төрттен бір бөлігін алып жатқан аумақта сенім мен серіктестікті нығайта білетін тиімді құрал ретінде қаралады. Бұл ынтымақтастыққа мүше мемлекеттерде әлем халқының 40 пайызы тұрады, әлемдік ЖІӨ-нің 40 пайызы – осы ұйымға мүше мемлекеттерге тиесілі. Сонымен қатар ШЫҰ жауапты аймақтағы жағдай өте күрделі болып отыр, әрі ол терең трансформациядан өтуде. Коронавирус әлемдік қауымдастықтар үшін қатаң сынақ бола отырып, халықаралық ынтымақтастықтың кемшін тұстарын көрсетіп берді. Пандемия жаһандық державалардың арасындағы сенім дағдарысын күрделендіріп жіберді. Алдын алу дипломатиясы мен қақтығыстарды реттеудің қазіргі механизмдері айтарлықтай іркіліп қалды. Қауіпсіздік мәселелері бойынша қатер артып барады. Оның ішінде терроризм, қарулану бәсекесі, әртүрлі гибридті соғыстар, климаттың өзгеруі бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ