присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды

30 қыркүйек 2022 11:44
Тоқаев Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өңірінің жұртшылығымен кездесуде Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозғанын, салдарынан жазда ыстық су болмайтынын, ал қыста үйлерге жылу берілмейтінін айтты.

Мемлекет басшысы қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиян қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатқанын да атап өтті.

Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиян қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті, - деді президент.

Осы мәселені қозғай келе, мемлекет басшысы үкіметке тапсырма берді.

«Сондықтан үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру