Парламент депутаттары демалысқа кетті
Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында VII шақырылымның бірінші сессиясының аяқталғаны туралы хабарланды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин депутаттық каникул басталғанын мәлім етті.
Палаталардың бірлескен отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламентке өткен барлық партиялардың депутаттары пандемияға қарамастан белсенді жұмыс істеп, «заң шығару жұмыстарымен ғана айналысып қоймай, халықпен кері байланысты қамтамасыз еткенін» ерекше атап өтті. Мәжіліс спикерінің мәліметінше, осы сессияда екі палата 24 заң жобасын қарады, олардың 15-і қаралып, қабылданды.
Айта кетейік, маусым айының соңында дәстүр бойынша Парламент қабырғасында кезекті сессияның қорытындысы шығарылады. Сессия аяқталғаннан кейін депутаттар қыркүйекке дейін демалысқа шығады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
30 қыркүйек 2022 10:40
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ