Қоғамдық кеңестер құрамындағы мемлекеттік қызметшілер қысқаруы мүмкін
Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Әуетаев қоғамдық кеңес құрамынан мемлекеттік қызметшілерді шығару ұсынысын айтты.
«Біздегі қоғамдық кеңес мүшелерінің үштен бірін мемлекеттік қызметшілер құрап отыр. Қазіргі кезде біраз сарапшылар тартылғанын ескере отырып, сала мамандары маңызды мәселелерді көтеріп отырғанын байқап отырмыз. Осы орайда резервте 8 сарапшы бар, яғни орын жетіспейді. Менің ойымша, кеңестегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту керек», - деді Б. Әуетаев қоғамдық бақылау мәселелерін талқылауға арналған сарапшылар кездесуінде.
Осы орайда ол қоғамдық кеңестердің жұмысына саладағы мәселелерді шешуге ынталы мамандар мен сарапшыларды тарту керек екенін айтты.
«Құрам толық болғаннан кейін, қоғамдық кеңеске басқа да білікті мамандарды қоса алмай отырмыз. Сондықтан қоғамдық кеңестің құрамындағы мемлекеттік қызметшілерді қысқартып, тек сарапшыларды қалдыру керек. Бұл тұрғыда бізде білікті мамандар баршылық», - деді Б. Әуетаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада өткен сарапшылар кездесуінде елімізде қоғамдық кеңестерді құру үрдісінде оң нәтижелер бар екені айтылды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ