Ауыр атлетика федерациясы Сон мен Чиншанлоға жаңа көлік мінгізеді
Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа көліктер береді.
Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа Toyota Camry көліктерін береді, спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады. Ауыр атлетика федерециясының президенті Жанат Түсіпбеков жақын арада Нұр-Сұлтанда спортшыларға автомобиль кілтін табыс етеді, - делінген Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Токио Олимпиадасында Игорь Сон 61 келіде жұлқа және серпе көтеруді (131+163) қоса есептегенде 294 келіні бағындырып, қола медаль алды.
Ал жарыстың үшінші күні сайысқа түскен Зүлфия Чиншанло 55 келі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні (90+123) көтерді.
28 шілде күні кешке спортшылар Қазақстанға оралып, оларды Алматы әуежайында салтанатты қарсы алды. Салтанатты шараға Ауыр атлетика федерациясы мен Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 қазан 2022 13:40
31 наурыз 2021 11:59
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ