Жансая Әбдімәлік ФИДЕ Гран-приінде бесінші орынды алды
Астанадағы ФИДЕ Гран-при жарысы аяқталды. Турнирге қазақстандық шахматшылар Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қатысты.
Жансая Әбдімәлік бесінші, Бибісара Асаубаева оныншы болды, деп жазды "Спорт Шрёдингера" телеграм-каналы.
Соңғы айналымда Жансая польшалық Алина Кашлинсканы жеңсе, Бибісара қытайлық Жу Цзиньермен тең түсті.
Нәтижесінде, 11 ойында Жансаяда 2 жеңіс, 2 жеңіліс бар. Ал 7 ойында ол қарсыласымен тең болды.
Бибісарада 1 жеңіс, 3 жеңіліс бар. Бибісара да қарсыласымен 7 ойында тең түсті.
Гран-придің бірінші кезеңін 8 ұпаймен ресейлік Екатерина Лахно жеңіп алды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 қазан 2022 13:40
31 наурыз 2021 11:59
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ