Нұр-Сұлтанда өткен веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептерінің балалары арасында бұқаралық веложарыс өтті. Балаларды қорғау күніне, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға балалар мен жасөспірімдерден құралған 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Веложарысқа қатысушылар үш шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп өтті.
Веложарыс соңында қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылып, бағалы сыйлықтар, велосипедтер, велоспортқа қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Сондай ақ «Витрина недвижимостей» ЖШС атынан номері №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің оқушыларына велосипедке арналған бас киімдер табысталды.
Веложарыс карантин шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 қазан 2022 13:40
31 наурыз 2021 11:59
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ