Головкин мен Мурата арасындағы кездесу сәуірде өтуі мүмкін
Головкин мен Мурата арасындағы кездесу сәуірде өтуі мүмкін. Бұл жөнінде жапон боксшысының промоутері Акихико Хонда мәлім еттаі.
«Головкин тарапы біздің елдегі жағдайды түсінеді. Бірақ үмітті үзбейміз. Бұл жекпе-жектің сәуірде ұйымдастырылғанын қалаймын», - деді Акихико Хонда.
Қос мықты арасындағы айқас негізінен өткен жылдың желтоқсан айында өтуі керек еді. Алайда Жапонияда карантиндік талаптар күшейіп, кеш кейінге қалдырылды.
Алдағы кездесуде 3 бірдей чемпиондық белдік сарапқа салынады.
Яғни Геннадий Головкин қазір орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем үздігі. Ал Рета Мурата WBA Super белдігінің иегері.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 қазан 2022 13:40
31 наурыз 2021 11:59
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ