Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйлығынан бас тартты
«Уимблдон-2022» чемпионы Елена Рыбакина Қазақстан теннис федерациясының сыйақысынан бас тартты.
Елена Рыбакина Уимблдонда жеңіске жеткені үшін Қазақстандағы жасөспірімдерге қайырымдылық пен қолдау көрсету мақсатында қаржылай сыйақыдан бас тартты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Бұған дейін Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Уимблдон турнирі коммерциялық болғандықтан, спортшының мемлекет тарапынан материалдық ынталандыруға құқығы жоқ екенін хабарлаған болатын.
Еске салайық, 9 шілдеде Елена Рыбакина Уимблдонның жаңа чемпионы атанды. Финалда қазақстандық планетаның екінші ракеткасы – тунистік Онс Жаберді ұтты.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 қазан 2022 13:40
31 наурыз 2021 11:59
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ