присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Әлемнің бірінші ракеткасы болған теннисші сотталып кетті

18 қаңтар 2024 11:45
Әлемнің бірінші ракеткасы болған теннисші сотталып кетті

Барселона соты бұрынғы кәсіпқой теннисші Аранча Санчес-Викарионы 2 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Испания сот билігінің ресми сайты хабарлаған.

Аранча Санчес-Викарио мен оның бұрынғы күйеуі Хосеп Сантакана банктегі қарыздарын төлемеу үшін мүліктерін жасырған. Сот Аранчаны 2 жылға, ал Сантакананы 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар олар Люксембург банкіне 6,6 миллион еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетсек, Аранча Санчес-Викарио 4 жасынан бастап тенниспен айналысқан. Ол кәсіпқой теннистегі 29 жылға созылған мансабын 2004 жылы аяқтаған еді. Осы уақыт аралығында 4 рет Олимпиада медалін, 4 рет «Үлкен дулыға» титулын жеңіп алған және халықаралық жарыстарда 92 жүлде иеленген.

Аранча 1995 жылы әлемнің бірінші ракеткасы болды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру