Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы төмендеп жатыр
Биыл наурызда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 7 түрі арзандады.
Наурыздың соңғы аптасында картоп (0,7%), пияз (0,3%), қырыққабат (0,1%) қарақұмық (1,3%), күнбағыс майы (1,1%), қант (0,8%) және құс етінің (0,4%) бағасы төмендеген.
Сондай-ақ бірінші сұрыпты ұн, одан дайындалған нан, майлылығы 2,5% болатын сүттің бағасы өзгермеген.
2022 жылғы наурызда картоп – 2,6%, сәбіз – 3,9%, пияз – 12,2%, ал қант 35% қымбаттаған.
Биыл азық-түлік бағасының төмендеуіне тұрақтандыру қорларындағы өнімдердің саудаға шығарылуы септігін тигізген. Нәтижесінде наурызда айлық инфляцияның жалпы деңгейі 0,9%-ға төмендеді. Бұл 2022 жылдың ақпанынан бергі тұтынушылық баға өсімінің ең төменгі айлық көрсеткіші саналады.
Осыған байланысты жылдық инфляция қарқыны биыл наурызда 18,1% болды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ