Ақтөбе облысының әкімі коронавирус туралы кітап жазып жатыр – Ажар Ғиният
Бұрынғы вице-премьер – қазіргі Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстанда індетке қарсы қандай жұмыс атқарылғаны жайлы кітап жазып жатыр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Пандемия сабақтары: Қазақстан тәжірибесі» атты халықаралық форумда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.
Қазір коронавирус пандемиясына байланысты кітап шыққалы жатыр. Сол кездегі Үкімет жанынан құрылған (коронавирусқа қарсы) ведомствоаралық комиссиясының басшысы (вице-премьер) Ералы Тоғжановтың бастауымен (COVID туралы) кітап әзірленіп жатыр. Ол кітаптың да тұсаукесері болады. Кітапта (коронавирус пандемиясы кезінде) елімізде атқарылған жұмыстар баяндалады, - деді министр.
Айта кетейік, форум аясында «QazVac: Тайталас» кітабының тұсауы кесілді. Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья кітаптың жас ғалымдарға көмек болатынын атап өтті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ