Астананың аумағы 2035 жылға дейін кеңейе түсетін болды
Астананың алдағы 12 жылға арналған жоспары белгілі болды.
Қала мәслихаты бекіткен Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының жобасы бекітілсін, – делінген Үкімет қаулысының жобасында.
Бас жоспар жобаның мына кезеңдерін қарастырады:
- Анықтамалық жыл – 2021 жылғы 1 қаңтар;
- Құрылыстың бірінші кезеңі – 2025 жыл;
- Болжамды кезең – 2035 жыл.
Алғашқы жылы қаланың әкімшілік шекарасындағы халық саны – 1 миллион 184,4 мың адам. Елорда халқының болашақ саны ұлттық статистика агенттігінің әдістемесіне сәйкес, халықтың табиғи және көші-қон қозғалысының өзгерістерін ескере отырып, корреляциялық және регрессиялық талдау, жас ауыстыру әдістері, статистикалық экстраполяция және еңбек балансы бойынша іске асырылды. Халықтың болжамды саны еңбекке қабілетті халықты әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық салаларындағы қызметке оңтайлы қосуды ескере отырып, статистикалық экстраполяция арқылы анықталды, – делінген жобада.
Құжатқа сәйкес, қала тұрғындарының болжамды саны:
- Құрылыстың бірінші кезеңі (2025 ж.) – 1 миллион 480 мың адам;
- Болжамды кезең (2035 ж.) – 2 миллион 275 мың адам.
- «Халықтың жалпы болжамды өсімі жобалық кезеңдерге сәйкес болады.
- Құрылыстың бірінші кезеңі (төрт жыл) – 295,6 мың адам;
- Болжамды кезең (10 жыл) – 795 мың адам.
Еңбекке қабілетті халық болжамды кезеңнің соңына қарай қала халқының 66 пайызына тең, – делінген құжатта.
Мектептердегі орындарды 257,4 мың орынға, ал балабақшалардағы орындарды 82,7 мың орынға ұлғайту көзделді.
Бас жоспарда ондаған емдеу мекемелерінің құрылысы да қарастырылған.
Құжат қаланың экономикалық, инновациялық-ғылыми, өндірістік және басқа да салаларын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтиды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ