Израиль мен ХАМАС тағы тұтқындармен алмасты
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мен ХАМАС ұйымы тағы тұтқындармен алмасты.
1 желтоқсанға қараған түні палестиндік жасақ кепілге алынған алты израильдік азаматты босатты, деп хабарлады dw.com.
«Дойче велле» агенттігінің мәліметіне қарағанда, Израиль 30 палестиналық тұтқынды түрмеден босатты. Бұған дейін ХАМАС қозғалысы кепілге алынған сегіз адамды босатып, Израильге тапсырған болатын.
Еске салсақ, 24 қарашадан бері тараптар алтыншы рет тұтқындармен алмасып жатыр. Израиль мен ХАМАС бірінші рет тұтқындармен екі күнге жалғасты. Екінші рет алмасу бір күн ғана болды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ