присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанның бидайы Қытайға сатыла бастады

06 маусым 2023 14:36
Қазақстанның бидайы Қытайға сатыла бастады

Қазақстанның бидайы  Қытайға да сатыла бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

«Қазақстанның өз астығы өзіне толық жетеді. Экспортқа да шығарады.

Биыл Қазақстан бидайы Қытай Халық Республикасына жеткізіле бастады. Мысалы, ауа райы қолайсыз болып, астық шықпай қалған күннің өзінде біздегі ішкі қажеттілік ең аз жиналатын көлемінен екі есе төмен екенін айта кету керек, – деді ол.

Яғни, астықтың көлемі елдегі ішкі сұраныс пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді. Премьер-министр егіс жұмыстарының қарқыны жақсы екенін атап өтті.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі дихандардың мәлімделген бидай көлемін «Азық-түлік корпорациясына» уақтылы жеткізу туралы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуі және жыл соңына дейін алқаптарды цифрландыру бойынша қажетті шараларды қабылдауы қажеттігін атап өтті.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру