Қостанай облысындағы көлде балықтар тонналап қырылып жатыр
Қостанай облысының Заречный елді мекені қасындағы шағын көлдің балығы қырылды. Табиғат қорғаушылары екі күн ішінде жарты тоннадан аса өлі балық жинаған.
Балықтардың жансыз денесі су бетіне әлі де тоқтаусыз қалқып шығып жатыр. Оларды сүзіп алуға жергілікті әкімдік өкілдері де тартылған. Бұл жағдайға көлдің таяздығы мен мұздың қалыңдығы себеп болып отыр деседі мамандар.
Тіпті, түбіне дейін қатқан көлшіктер бар. Сондықтан мұндай жайт әлі де қайталануы мүмкін. Ал өлексе шіри бастағандықтан сынама алып, оларды зертханалық тексеруден өткізу мүмкін болмаған.
Судың сынамасын экология департаментінің зертханасына жібердік. Балық өлекселері өртеледі. Біздің аймақта таяз көлшіктер көп. Ал қыс ұзақ, аязды болады. Сондықтан осындай шағын айдындарда қыстап қалған балықтың мұз астында тұншығып өлуі – қалыпты жағдай, - дейді Тобыл-Торғай облысаралық бассейіндік инспекциясының басшысы Серік Бейсембаев.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ