Павлодарда көлік апатынан 9 адам зардап шекті
Павлодарда Toyota Alphard пен Gazel Next көліктері соқтығысып, 9 тұрғын зардап шекті.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 11 желтоқсанда кешкі сағат 17:19-да «103» пультіне Ломов-Қатаев көшелерінің қиылысында көлік апаты туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнында 4 бригада жұмыс істеді. Апаттан 9 адам зардап шекті. Олар 17 жастағы бір қыз және 18 жастағы екі қыз, 22 және 27 жастағы жігіттер, 62, 49, 40, 37 жастағы әйелдер. 17 жастағы қыз облыстық балалар ауруханасына, қалғандары №1 қалалық ауруханасына жеткізілді,– деп жазылған хабарламада.
Облыстық ПД дерегінше, Ломов-Қатаев көшелерінің қиылысында Toyota Alphard көлігі мен Gazel Next маршруттық такси соқтығысқан. Көлік апаты бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ