присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Семей орманындағы өрт: 2 қылмыстық іс қозғалды

14 маусым 2023 12:21
Семей орманындағы өрт: 2 қылмыстық іс қозғалды

Семей орманындағы алапат өртке қатысты Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды: өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, екі және одан да көп адамның қаза болуы. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты.

«Қазір Бас прокуратураның арнайы қызметі осы қылмыстық істі тергеуге кірісті. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Оған тәжірибелі білікті тергеушілер мен барлық құқық қорғау қызметінің жедел қызметкерлері кірді. Бүгінде тергеу тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Топты Бас прокурордың орынбасарларының бірі басқарады. Іс Бас прокурордың ерекше бақылауында

Екіншіден, Экологияға орасан зор залал келгенін, қызметтік міндеттерін атқару кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкерінің қаза табуын ескердік. Осылайша, лауазымды тұлғалардың немқұрайлылығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғадық», - деді Бас прокурордың орынбасары

Жандос Өмірәлиев Семей орманында болған қайғылы оқиғаға қатысы бар лауазымды тұлғалардың бәрі тергеуге алынатынын жеткізді.

Қылмыстық істі тергеу аясында өз міндеттеріне, қызметіне жауапсыз қараған, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаған, осындай қайғылы оқиғаға, азаматтардың қаза болуына жол берген лауазымды адамдардың тізімі анықталады, - деді Жандос Өмірәлиев.

Абай облысы әкімінің хабарлауынша, 13 маусымда ормандағы өрттің аумағы 60 гектарға жетті. Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру