Шымкенттік зейнеткер аурухананың 3-қабатынан секіріп кеткен
Шымкентте 72 жастағы ер адам №1 қалалық аурухананың 3-қабатындағы терезеден секіріп, қаза тапты. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Қайғылы оқиға кеше түнде болған. Зейнеткердің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Белгілі болғандай, зейнеткер ауруханаға өз-өзіне қол жұмсамақ болған кезінде түскен. Дегенмен бұл ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы әлі растаған жоқ.
Ол Әл-Фараби ауданындағы Айқап шағын ауданында тұрған. Отбасы мен бала-шағасы бар. Куәгерлердің айтуынша, 1-2 күн бұрын оған ұлы келіп-кеткен...
Қазір барлық нұсқалар тексеріліп, мән-жайы анықталып жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ