присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде 13 шілдеден бастап грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады

10 шілде 2023 17:32
Елімізде 13 шілдеден бастап грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады

Елімізде 13-20 шілде аралығында грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Талапкерлер өтініштерін EGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта тапсыра алады. Сондай-ақ ЖОО-ларда виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды қабылдауды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы іске асыруға болады.

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 73 мың грант бөлініп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді. Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарламасы топтарына бөлінді. Олардың саны 18 мың 744 грантты қамтиды. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 мың 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 мың 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 мың 388 грант тиесілі. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 мың 653 грант бөлінген. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді, – деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев

Отандық ЖОО-ларға оқуға түсу үшін

жеке куәлік;

ҰБТ сертификатын;

3х4 көлеміндегі фото;

орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру, ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін диплом);

№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама;

жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігін тапсыру керек.

Сондай-ақ жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысуды растайтын құжаттар ұсынылады.

Білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру