присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанның 43 компаниясы Жапонияға жылқы етін тасиды

04 августа 2022 14:00
Қазақстанның 43 компаниясы Жапонияға жылқы етін тасиды

Қазақстаннан Жапонияға жылқы етін тасымалдайтын компаниялар қатары көбейген, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жапонияның ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде Жапонияға жылқы етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне тағы 9 қазақстандық ет өңдеу кәсіпорны енгізілді», - деп хабарлады дереккөз.

Бұған дейін аталған тізілімде 34 қазақстандық кәсіпорын бар еді. Енді осы тоғыз компанияны қосқанда, олардың саны 43 компанияға жеткен.

0 Показать комментарии Скрыть комментарии