присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Әзербайжаннан аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды

22 мамыр 2024 17:59
Әзербайжаннан аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Әзербайжаннан жеткізді.

Ол 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сенімдерін теріс пайдаланып, 21,5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында ол алаяқтық жолмен «Toyota Land Cruiser» көлігін иемденіп, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру