присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ақмола облысында ескерткішті қиратқан вандал құрықталды

04 қараша 2024 12:42
Ақмола облысында ескерткішті қиратқан вандал құрықталды

Ақмола облысының тәртіп сақшылары вандализм жасаған күдіктіні анықтады.

Polisia.kz мәліметінше, заңбұзушылық 26 қазанда тіркелді. Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш бүлініп, тақтайшалар жұлынған. Сақшылар оқиға орнына жедел жетіп, тексеру жүргізіп, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Ұсталған күдікті жасаған іс-әрекетін мойындады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, – делінген ақпаратта.

«Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысты ашу үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру