Алматыда жер сілкінді
Алматылықтар жер сілкінісін сезді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында орналасқан.
Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылау орталығының сейсмикалық станцияларының желісімен эпицентрі мен сезілетін көрсеткіші туралы ақпарат нақтыланып жатыр, - деп хабарлады департамент бастапқыда.
Тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілген, ғимараттардың қирауына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін 5 қарашада сағат 10:01-де тіркеді. Дүмпу Алматы облысы мен Алматы қаласында тіркелген.
Алматыда 3 балдық дүмпу сезілді. Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан, – деп хабарлады сейсмикалық станциялар желісі.
Сондай-ақ жер сілкінісі сезілді:
Талғарда – 4 балл;
Есік қаласында – 4 балл;
Түргенде – 3 балл;
Өтеген-Батырда – 3 балл;
Боралдайда – 2 балл;
Маловодное – 2 балл;
Ж. Қайыпов – 2 балл;
Алатау (Жетіген) – 2 балл;
Карасай (Қаскелең) – 2 балл.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ