присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Алматылық мұғалімдер 400 видеосабақ түсірген

08 желтоқсан 2020 15:50
Алматылық мұғалімдер 400 видеосабақ түсірген

Алматыда жаңа оқу жылына арнап  400 видеосабақ түсірілген, -деп хабарлайды Taunews.kz. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, алматылық мұғалімдер 1-11 сынып оқушыларының қашықтықтан оқуы үшін видеосабақтарды дайындауға белсенді қатысып жатыр.

«Алматы қаласында 400-ден астам сабақ түсірілді. Қаланың үздік мұғалімдері осы процеске қатысуда», -деді Алматы қаласының Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Айта кетейік, видеосабақтар жаңа оқу жылында республикалық арналар арқылы трансляцияланады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру