«Айыппұл 11 млн»: Қайрат Нұртас тағы да сөзге қалды
Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қады.
Әнші табиғат аясындағы видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді. Бұл жолы гүл жұлғаны үшін көпшілік оған ескерту жасаған.
«Қазақстанымыздың табиғаты керемет қой, шіркін. Жұлынған гүл қызғалдақ емес, шабындықта өсетін кәдімгі мак гүлі. Уайымдамаңыздар. Сіздерге әдемі табиғатты көрсету үшін ақ шалбар мен жаңа аяқ киімді құрбан еттік», - деп жазды Қайрат Нұртас.
Алайда желі қолданушылары табиғатта тамсанып қана қоймай, хитменді айыппұл арқалаудан аулақ болуын өтінді.
«Айыппұл 11 млн», «9 млн айыппұл кетті», «Бүгіннен бастап көкнәр жұлғаны үшін айыппұл деп жүрмесін», «Гүлді жұлма, айыппұл төлейсің», «Қандай керемет табиғат», «Бір бейнабаян түсіру керек екен» , - деп жазды олар.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ