присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Бауыржан Байбек: Түркістан халықаралық дәрежедегі туристік орталыққа айналмақ

30 қыркүйек 2020 16:27
Бауыржан Байбек: Түркістан халықаралық дәрежедегі туристік орталыққа айналмақ

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Instagram-дағы парақшасында Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында болып, бірқатар жаңа нысандарды аралағандығын жазды, деп хабарлайды Taunews.kz.    

Бауыржан Байбек Елбасының Түркістан облысын құрып, оның орталығы етіп Түркістан қаласын белгілеуі тарихымыздағы айтулы оқиға екендігін де атап өтті.

«Елбасы сапар барысында жаңа нысандардың ашылу рәсімдеріне қатысты. Оның бірі – жылына 3 млн. жолаушы өткізуге қабілетті бірегей халықаралық әуежай.

Ірі нысандардың ішінде – 7000 орындық «Түркістан-Арена» стадионы, 1000 орындық «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залы, «Алатау медиа-орталығы», «Ұлы дала елі», Визит орталықтары, музейлер және театрлар бар. Шаһардағы барлық құрылыс Юнеско тарапынан Ясауи кесенесіне қойылатын талаптарға сай, яғни кесененің еңсесін түсірмейтіндей етіп салынуда. 

Пандемияның салдарынан орын алып жатқан дағдарысқа қарамастан, ежелгі қала – Түркістан қарыштап дамып жатыр», - деп жазды Бауыржан Байбек. 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру