Букмекерлік кеңселер мен казиноның жарнамасына толық тыйым салынады
Мәжілісте «Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобасы таныстырылды.
Заң жобасын депутат Елнұр Бейсенбаев таныстырды.
Біріншіден, заңда максималды түрде букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасын шектеу қарастырылған. Онда үйлердің қасбеттерінде (фасадтарында), ғимараттарда, құрылыстардың қоршауларында, көлік құралдарында сыртқы жарнамаға тыйым салынады. Интернет ресурстарында, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, мерзімді баспа басылымдарында, кино беттерінде жарнамаға толық тыйым салынады.
Екіншіден, ойын жасына толмағандардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектеледі. Оларға заңсыз ойын ойнауға мүмкіндік берген заңды тұлғаларға қомақты көлемде айыппұл салынады. Мысалы, 18-21 жастағы қазақстандықтар ата-анасының немесе ағасының атынан сайтта тіркеліп, алайда өзінің банк картасы арқылы төлем жасай алатын болса, біз осы мүмкіндікті шектейміз, - деді ол.
Оның айтуынша, үшіншіден, онлайн казино ұйымдастырушыларға Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша жазаланады. Төртіншіден, өтелмеген алимент немесе несие қарызы бар қазақстандықтарға бәс тігу құқығы шектеледі. Яғни борышкерлердің бірыңғай реестрінде мәліметтері бар 25 жасқа дейінгі жеке тұлғаларды құмар ойындарға және бәс тігуге жіберуге тыйым салынады.
Бесіншіден, заңсыз лотоматиктерге мүлде тыйым салынады. Алтыншыдан, ойында бәс тігу жасы 21 жастан 25 жасқа дейін көтеріледі. Жетіншіден, заңды тұлғалардың 25 жасқа дейінгі адамдарды құмар ойындарға және бәс тігуге жібергені үшін және орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК (1 млн 107 мың 600 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 АЕК (3 млн 692 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы шектелген адамдарға әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Бір жыл ішінде қайталанса, бұл заң бұзушылық лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады, - деді Елнұр Бейсенбаев.
Сегізіншіден, балалар, білім беру, медициналық, діни және діни ұйымдар орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда лотерея билеттерін таратуға және лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады.
«Тоғызыншыдан, сот актісі негізінде қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімін жүргізу, сондай-ақ банктер мен төлем жүйелеріне олардың пайдасына қаржылық операциялар жүргізуге тыйым салу бар. Оныншыдан, букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін іске асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың өз аппараттық-бағдарламалық кешендерінің Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесісмен интеграциялануын қамтамасыз ету міндеті белгіленеді», - деді депутат.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ