присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Ферроқорытпа зауытындағы апат: Тағы екі қызметкер көз жұмды

25 шілде 2024 10:37
Ферроқорытпа зауытындағы апат: Тағы екі қызметкер көз жұмды

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен тағы екі адам ауруханада жан тапсырды.

«1981 және 1987 жылы туған науқастар есін жимай көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті. Өкінішке қарай, екі науқасты аман алып қалу мүмкін болмады», дейді дәрігерлер.

Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат салдарынан қаза болғандар саны төрт адамға жетті.

Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру