присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Германия канцлері Олаф Шольц Астанаға ресми сапармен келді

16 қыркүйек 2024 14:50
Германия канцлері Олаф Шольц Астанаға ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды канцлері Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана әуежайында оны премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц «Орталық Азия+Германия» екінші саммитіне қатысады. Оның шеңберінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша стратегиялық ынтымақтастық пен әріптестік мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Германия – Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі. Биылғы 7 айда өзара сауда көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, 2,3 млрд долларға жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 64%-ға ұлғайып, 770 млн доллар болды. Қаражаттың негізгі бөлігі басымдық беріліп отырған экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру