присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

inDrive.Жеткізу 125 000-нан астам жеткізілім жасады: жұмыстың алғашқы нәтижелері белгілі болды

21 мамыр 2024 17:07
inDrive.Жеткізу 125 000-нан астам жеткізілім жасады: жұмыстың алғашқы нәтижелері белгілі болды

Соңғы жарты жылда Қазақстанда бизнес үшін 125 мыңнан астам жеткізілім жасалды, бұл нарықтың айтарлықтай өсуі мен жеткізу қызметтеріне сұранысты көрсетеді.

inDrive Жеткізу қызметі (inDrive қалалық қызметтердің жаһандық платформасының бөлігі) Қазақстан нарығында 2023 жылдың шілдесінде іске қосылды.

Қызмет B2B жеткізуге бағытталған және үш үлгіні ұсынады. Олар: толық жеткізу (барлық қатысушы тараптар үшін ұйымдастырушылық және техникалық шешімдер); курьерлер қызмет ретінде (клиенттердің курьерлік және басқа да қызметтеріне арналған персонал) және бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз ету (өз курьерлері бар клиенттер үшін жеткізуді қызметін басқарудың бірегей бағдарламалық шешімдері).

Алғашқы 12 айда қызмет 200-ден астам белсенді бизнес-клиенттерге 125 мыңнан астам тапсырыс жеткізді, соның ішінде ірі сауда, мейрамханалар мен азық-түлік желілері, гүл дүкендері мен маркетплейстер және т.б.

«Біз қызметімізді іске қосқан және белсенді дамытып келе жатқан бірінші ел Қазақстан болып табылады. Бұл inDrive үшін осы нарықтың стратегиялық маңыздылығына және соның нәтижесінде курьерлер мен байланыстардың қорының болуына ғана емес, сонымен қатар осы нарықтың қарқынды өсуіне де байланысты. Жеткізу нарығындағы күшті бәсекеге қарамастан, бір жылдан аз уақыт ішінде біз Қазақстанның төрт ірі қаласында екі жүзден астам клиент таптық. Бұған қоса, біз бизнес-шешім болғанымызға қарамастан басқа inDrive қызметтері сияқты әділетсіздікпен күресу миссиясын қолдаймыз, алайда B2B жеткізу сегментінде», — деп түсіндіреді inDrive Жеткізу басшысы Игорь Шиянов.

Қазіргі уақытта қызмет Қазақстанның төрт ірі қаласында – Астана, Алматы, Өскемен және Петропавлда жұмыс істейді, сонымен қатар қызметтін тиімді және жылдам жеткізуге мүмкіндік беретін сағатына екіден астам тапсырысты орындайтын бірнеше жүздеген курьерлері бар.

Компанияның inDrive Жеткізу қызметінен басқа жүк тасымалдау (inDrive.Жүк тасымалы) және курьерлік жеткізу (inDrive.Курьерлер) қызметтері бар. Осылайша, компанияның барлық бизнес сегменттерінің жеткізу қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі бар.

   Айта кету керек, Data Insight аналитикалық компаниясының 2023 жылға арналған зерттеуіне сәйкес, елдегі белсенді онлайн-сатып алушылардың саны өсуде және шамамен 5 миллион адамды құрайды. Бұл халық арасында интернет-коммерцияның кең таралғанын көрсетеді. Бұл ретте жеткізілімдердің 80%-дан астамы курьерлік жеткізу болып табылады.

inDrive туралы

inDrive – штаб-пәтері Маунтин-Вью, Калифорния, АҚШ-та орналасқан мобильді және қалалық қызметтер жаһандық платформасы. inDrive қолданбасы 200 миллионнан астам рет жүктеліп 2022 және 2023 жылғы әлемдегі ең көп жүктелген сапарға тапсырыс беруге арналған қолданбаларының ішінде екінші орында. Сапарлардан басқа, inDrive қалааралық және жүк тасымалын, шеберді шақыруды, курьерлік және B2B жеткізуді қамтитын қалалық қызметтердің өсіп келе жатқан тізімін ұсынады.

inDrive 46 астам елде 749 астам қалада бар. Компания білім беруді, спортты, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да өмір үшін маңызды бастамаларды жақсартуға көмектесетін келісімшарттық төлем моделі мен қауымдастықтарды қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды.

Қосымша ақпарат www.inDrive.com сайтында

 

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру