Ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған 3 шетелдік ұсталды
Ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған 3 шетелдік ұсталды.
11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарын үйлестірудің көмегімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 келіден астам мефедрон, 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.
Қара нарықта алынған есірткінің құны – 4,2 млрд теңге, ал көлемі 680 мың дозадан асады.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ