Қарағанды облысында балықшылар құтқарылды
Қарағанды облысында балық аулауға шыққан ер адамдар құтқарылды.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Осакаров ауданындағы Молодежный кентінен 17 шақырым жердегі Қаныш Сәтбаев атындағы су каналының 10-торабында болған. Қатты желдің салдарынан қайықтағы екі балықшы жағалауға 500 метр қашықтықта өз бетінше орала алмады
Құтқарушылар шақырту орнына жедел барып, балықшылармен бірге қайықты жағаға аман-есен жеткізді.
ТЖМ ескертеді:
- су қоймасына желді ауа райында шығуға болмайды;
- қайыққа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ