присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қарағанды облысында балықшылар құтқарылды

12 қыркүйек 2024 15:33
Қарағанды облысында балықшылар құтқарылды

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан ер адамдар құтқарылды.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Осакаров ауданындағы Молодежный кентінен 17 шақырым жердегі Қаныш Сәтбаев атындағы су каналының 10-торабында болған. Қатты желдің салдарынан қайықтағы екі балықшы жағалауға 500 метр қашықтықта өз бетінше орала алмады

Құтқарушылар шақырту орнына жедел барып, балықшылармен бірге қайықты жағаға аман-есен жеткізді.

ТЖМ ескертеді:

  • су қоймасына желді ауа райында шығуға болмайды;
  • қайыққа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек.
0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру