Қайрат Боранбаевтың үстінен тағы екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бұған дейін 6 жылға сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.
Қазірге дейін Боранбаев мемлекетке 134,5 млрд теңге қайтарған. Агенттік тергеу жүріп жатқан іс негізінде қайтарылған активтерге қатысты өзгеріс болуы мүмкін екенін айтты.
Қылмыстық іс әлі аяқталған жоқ, тергеу жүріп жатыр. Қайрат Боранбаев сот үкімі аясында сотталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бастапқыда бас бостандығынан айырылғаны, кейіннен бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылғаны белгілі. Бұл өзгеріс оның шығынды толық көлемде өтегеніне байланысты қабылданды, - деді Жеңіс Елемесов.
Төраға орынбасарының айтуынша, Боранбаевты қамауға алуға қажеттілік жоқ.
Ол бюджет қаражатын жымқыру, салық төлеуден жалтару әрекеті бойынша күдікке ілінген, - деді Елемесов.
2023 жыл Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың соттағы ісімен басталды. 4 қаңтарда өткен сот отырысында ол өзінің елден қашуға оқталғанын жоққа шығарды, өзінің таңғы 5-те ұсталғанын, алайда түнгі уақытта ұшуы керек болғанын айтып ақталды.
Елден неге қашамын? Осында дүниеге келдім, ер жеттім. Әкем осында жерленген. Анам осында, бизнесім де осы жерде. Қайда қашамын?, - деді Боранбаев журналистерге.
Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Ибулла Сердіге қатысты қылмыстық іс жарты жылдан аса уақытқа созылды. Оларға газды жеткізу барысында мемлекеттің 14,5 млрд теңге қаражатын жұмсады деген айып тағылды.
23 қаңтарда істі қараған судья Назгүл Бапақова БАҚ өкілдеріне сот процесінен ақпарат таратуға тыйым салды. Осылайша соттың біраз бөлігінен көпшілік бейхабар қалды.
Сот процесі басталғанына үш ай өткенде мемлекеттік айыптаушы Қайрат Боранбаевтың мүлкін тәркілеп, өзін 8 жылға соттауды сұрады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ