присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанда несиесін уақытында төлей алмай жүрген 1,5 млн адам бар

23 мамыр 2024 15:54
Қазақстанда несиесін уақытында төлей алмай жүрген 1,5 млн адам бар

Қазақстанда несиесін уақытында төлей алмай жүрген 1,5 млн бар. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.

Агенттік өкілінің айтуынша, олар 3 айдан бері несиесін төлемеген.

Биыл 1 сәуірдегі мәлімет бар. Тұтыну несиесінің жалпы сомасы 14,2 трлн теңгеге жетті.  Оның ішінде 90 күннен асқан, яғни мерзімі өткен несиелердің үлесі – 1,6 трлн теңге. Тұтыну несиесін алғандардың саны – 8,4 млн адам. Оның ішінде 90 күннен аса уақыт қарызын өтемеген 1,5 млн адам тіркелді, - деді Олжас Қизатов.

Еске салайық, биыл наурыз айында Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру