присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

ҚМА Қуандық Бишімбаевтың отбасына тиесілі активтерді тексеруге дайын

22 мамыр 2024 12:29
ҚМА Қуандық Бишімбаевтың отбасына тиесілі активтерді тексеруге дайын

Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен туыстарына тиесілі активтердің қандай жолмен алынғанын тексеруге дайын. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

Мәжілістің жалпы отырысына кейін агенттік өкіліне «Қуандық Бишімбаевтың жақын туыстарына тиесілі активтердің заңдылығын тексеру бойынша петиция аясында тиісті тексеру жүргізіле ме?» деген сұрақ қойылды.

Жеңіс Елемесов  мұндай тексеріс тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.

Қазірге дейін бізде тіркелген қылмыстық іс жоқ. Бірақ заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге қатысты жалпы негізде тұрақты тексеру жүргіземіз. Қылмыстық жолмен алынып, заңдастырылған заңсыз кірістер болса, міндетті түрде жауапқа тартамыз. Петицияға келсек, оның нәтижесін күтейік. Бұл мәселені зерттеп, оған міндетті түрде назар аударамыз, - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен жақын туыстарының кірісін тексеру туралы петиция жарияланды.

2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің соттағы жауабын мына жерден оқуға болады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру