присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қырғызстаннан есірткі әкеле жатқан әйел ұсталды

02 маусым 2023 14:52
Қырғызстаннан есірткі әкеле жатқан әйел ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірге Қырғызстаннан Қазақстанға есіртікі әкеле жатқан әйелді ұстады.

Тексеру кезінде оның киімінен жалпы салмағы 700 граммға жуық героин табылды.

Күдікті әйел тәркіленген затымен бірге процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысының полиция департаментіне жеткізілді.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру