присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Павлодарда 256 ата-ана жауапқа тартылды

13 наурыз 2024 14:35
Павлодарда 256 ата-ана жауапқа тартылды

Павлодарда рейд барысында 256 ата-ана жауапқа тартылды.

Ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтер жүргізеді.

Мысалы сағат 23:45-те 17 жастағы кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, Назарбаев даңғылындағы кафеде болу фактісі анықталды. Оның мекемеде болуына жол бергені үшін ата-анасы жауапқа тартылып, материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде заңды өкілінің еріп жүруінсіз болғаны үшін ата-анасы да жазаланды, – деді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімі ювеналды полициясының аға инспекторы Ирина Емцова.

Ертіс ауылында сағат 00:00 шамасында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған бала тоқтатылды. Оның ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетсек, биыл Павлодар облысы бойынша ойын-сауық мекемелерінің 14 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта үлкендердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін 256 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру