присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Су біз күтпеген жақтан келді – ТМЖ еліміздегі тасқын туралы

02 сәуір 2024 15:24
Су біз күтпеген жақтан келді – ТМЖ еліміздегі тасқын туралы

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов жазық даладан тасқын қаупі төнеді деп күтпегенін, 50-ге жуық елді мекенді су басу қаупінен аман алып қалғанын айтты.

Ол «Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына дайын болмады» деген пікірмен келіспейді.

11 өңірдегі 46 елді мекенде су тасқыны қаупінің алды алынды. Су басқан 5 облысқа тоқталайын. Су өзендерден емес, жазықтан келіп жатыр. Шынымызды айтсақ, біз күтпеген жақтан, яғни даладан келді. Соңғы 30 жылда су тасқыны қаупі даладан туындамаған. Сондықтан біз «Тасқынға қарсы дер кезінде ден қойдық» деп айта аламыз. 46 елді мекендегі үйлердің су астында қалуын болдырмадық, - деді Бауыржан Сыздықов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, жазықтағы қар суын тасқынға қарсы дайындық кезінде есепке алу халықаралық тәжірибеде жоқ.

Тағы да қайталап айтайын. Осыған дейін болған су тасқыны өзендерде тіркелді. Демек су қоймалары мен гидротехникалық имараттар бар аумақтарда болған. Ал даладан ағып келіп жатқан судың өзендерге қатысы жоқ. Яғни, қардың суы тұтастай даладан келіп жатыр. Бүгінде даладан келетін қардың суы ешбір елде ескерілмейді. Түсініп тұрсыз ба? Өзендерден, су қоймаларынан, бөгендерден келетін су ғана ескеріледі. Осыны түсіну керек, - деді вице-министр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру