Түркістан облысының тұрғыны үйінде арыстан мен жабайы құстар ұстаған
Түркістан облысында полиция тұрғынның үйінен арыстан мен жабайы құстарды тәркіледі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сарыағаш ауданының тұрғыны ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік ұстаған. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді.
Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды.
Қазір осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ