присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Талғарда тағы біреулер ер адамды ұрып-соғып, бетон каналға лақтырып кеткен

22 қазан 2024 09:47
Талғарда тағы біреулер ер адамды ұрып-соғып, бетон каналға лақтырып кеткен

Желіде соққыға жығылдым деген ер адамның видеосы тарады. Онда ер адам Талғар қаласының тұрғыны екенін, өзіне белгісіз біреулердің шабуыл жасап, қатты соққыға жыққанын айтады.

Ал болған оқиғадан кейін полиция соққыға жығылған ер адамның өзінің үстінен іс қозғаған.

Оқиға 28 тамызда болған. Талғар тұрғыны жаңа мотоциклын сынау үшін БСРка аумағына кірген. Сол сәтте құмға батып, тоқтап қалыпты. Осы кезде оның қасына белгісіз екі жас жігіт келіп, не істеп жүргенін сұрай бастаған. Жәбірленуші оларға ескерту жасағаннан кейін екеуі ер адамға шабуыл жасап, басынан ұрған.

Олардың біреуі «оны ұйықтату керек», «басынан теп» деп айқайлап тұрды. Біреуі мені тұншықтырып, мен ес-түсімді жоғалта бастадым. Олар мені аяғымнан ұстап, төңкеріп, бетон каналға лақтырып жіберді, – дейді жәбірленуші.

Оның айтуынша, ауруханада өзіне бірнеше қабырғасының сынуы, жабық бас-ми жарақаты, денесінде де көптеген жарақаттар бар деген диагноз қойылған.

Ер адам полицияға арыз жазып, шабуыл жасағандар анықталған. Алайда бірнеше күннен кейін жәбірленуші өзінің үстінен іс қозғалғанын білген.

Алматы облыстық полиция департаменті бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Қазір сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі, – делінген хабарламада.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру