присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев келесі Құрылтайды Көкшетауда өткізуді ұсынды

15 наурыз 2024 17:41
Тоқаев келесі Құрылтайды Көкшетауда өткізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төртінші Құрылтайды Көкшетауда өткізуді ұсынды.

Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әйгілі Қасым ханның Сарайшықта, Абылай ханның Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады.

Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын», - деді президент Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру