присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елордалықтар Олимпиада ойындарын тікелей эфирде тамашалай алады

26 шілде 2024 10:00
Елордалықтар Олимпиада ойындарын тікелей эфирде тамашалай алады

Елорда тұрғындары 26 шілде күні сағат 21:00-де Орталық саябақтағы «Қазақстан күні» монументі (сағат) жанында Астана әкімдігі мен Jіbek Joly телеарнасының ұйымдастыруымен XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұлттық құраманы қолдау іс-шарасында Ұлықпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ақтоты Болшова және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сондай-ақ, танымал спортшы Айтым Жақыпов концерт көрермендері арасында ойын-сауық, спорттық батлдар өткізеді.

Жеңімпаздарға Jіbek Joly телеарнасының сыйлықтары табысталады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру