присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жыл басынан бері 200-ден астам жылқыны пойыз қағып кетті

27 наурыз 2024 15:48
Жыл басынан бері 200-ден астам жылқыны пойыз қағып кетті

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 464 фактісі тіркелді.

Бұған қоса темір жолдарда 369 малды басып кету фактісі тіркелді. Оның ішінде 222 бас жылқы, 44 бас ірі қара, 76 ұсақ мал бар.

Мәселен, Павлодар облысы Жұмыскер-Көктөбе станцияларының аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты пойызды шұғыл тежеген. Соқтығысу салдарынан 4 жылқыны қағып кетті. Осыған байланысты пойыз 29 минут кідіріп қалды. Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мал иесін анықтады. Ол 45 жастағы облыс тұрғыны болып шықты. Малдың иесі темiржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген полиция хабарламасында.

Көлік полицейлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтауды және теміржол маңында мал жаюға болмайтындығын ескертеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру