присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстан дзюдошылары Универсиаданың қола жүлдегері атанды

31 шілде 2023 16:38
Қазақстан дзюдошылары Универсиаданың қола жүлдегері атанды

 

Осы күндері Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасының дзюдошылары Сұңғат Жұбатқан мен Асқар Нарқұлов қола жүлдені жеңіп алды.

Әуелі Сұңғат Жұбатқан 66 келі салмақта күресіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын тізе бүктіріп, жеңіске жетті

Одан кейін кілемге 73 кг салмақ дәрежесінде шыққан  Асқар Нарқұлов Қазақстан құрамасына екінші қола медальді сыйлады. 

Нарқұлов іріктеу кезеңдерінен іркілмей өтіп, жартылай финалдық жолдаманы сарапқа саларда Моңғолия спортшысына есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде Италия спортшысынан басым түсіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Кіші финалда ол қырғызстандық дзюдошыдан басым түсіп, жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды

Қытайда өтіп жатқан Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру