присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Месси сегізінші рет «Алтын доп» сыйлығын алды

31 қазан 2023 09:54
Месси сегізінші рет «Алтын доп» сыйлығын алды

Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доп» сыйлығының иегері атанды.

Лео Месси дауыс беру қорытындысы бойынша Норвегия құрамасы мен Англияның «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Эрлинг Холанд пен Франция ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» жасағының шабуылшысы Килиан Мбаппені артта қалдырды. Үздік бестікте Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»/Бельгия) мен Родри («Манчестер Сити»/Испания) бар. Осы тізімдегі «Манчестер Сити» клубының үш ойыншысы үздік бестікке кіріп отыр.

Бұл – Аргентина құрамасы сапындағы әлем чемпионының сегізінші «Алтын добы». Бұған дейін ол 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019 және 2021 жылы үздік атанған еді. Енді міне, Месси сегізінші рет әлемнің үздік футболшысы атанды. Одан басқа, марапаттау салтанатында Англия құрамасының шабуылшысы Джуд Беллингем жылдың үздік жас футболшысы атағына ие болды. Ол Копа трофейінің иегері болды. Бұл жігіт 2003 жылы туған. Қазір Мадридтің «Реал» командасында ойнайды. 

Эрлинг Холанд Герд Мюллер жүлдесінің иегері болды. Қақпашылардың Льв Яшин атындағы жүлдесін тағы бір аргентиналық ойыншы Эмилиано Мартинес алды. Ол былтыр Аргентина құрамасының сапында әлем чемпионы атанған. Қазір Англияның «Астон Вилла» клубының қақпасын қорғайды.

Әйелдер арасында «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы Айтана Бонмати «Алтын доп» иегері атанды. Бұл сыйлыққа Бонматиден басқа тағы бір испаниялық Ольга Кармона мен австралиялық Сэм Керр үміткер болған.

Бонмати мен Кармона Испания құрамасы сапында 2023 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алған. Ольга Кармона Англия құрамасымен болған финалда жалғыз гол салған. Ал Айтана 2023 жылы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған. Сэм Керр «Челси» сапында Англияның екі дүркін жылдың үздік футболшысы ретінде танылған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру